Жаңа кеден бекеттері пайда болды
Жаңа кеден бекеттері пайда болды
202
оқылды

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылып, «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.  1) Алматы қаласы бойынша МКД: «Алмалы-КРО» кеден бекеті қысқартылды;  2) Ақмола облысы бойынша МКД: – «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;  3) Маңғыстау облысы бойынша МКД: – «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды; – «Морпорт» кеден бекеті, «Қарашекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды; – «Құрық» кеден бекеті құрылды;  4) Түркістан облысы бойынша МКД: – «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.

Сондай-ақ бүгіннен бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру тоқтатылады. Сондыөтан кедендік рәсімдерді басқа кеден бекеттерінде жүргізуге болады.