Балқаш маңында пойыз бен Toyota Prado көлігі соқтығысты: қаза тапқандар бар
Балқаш маңында пойыз бен Toyota Prado көлігі соқтығысты: қаза тапқандар бар
189
оқылды

Балқаш маңында пойыз бен Toyota Prado көлігі соқтығысқан. Апат екі адамның өмірін қиды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 желтоқсанда Балқаштан 37 шақырым жерде, кедергілермен жабдықталмаған теміржол өткелінде жүк пойызы Тойота Прадо көлігімен соқтығысты. Автокөлік рөлінде 56 жастағы азам болған», - делінген ресми хабарламада.

Апат салдарынан Toyota Prado көлігінің жүргізушісі мен оның 33 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Көліктегі 41 жастағы тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген.

«Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 4 тармағы 345-бабымен іс қозғалды. Сот сараптамалары тағайындалып, оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта теміржол қозғалысы қалпына келтірілді», – деп хабарлады ІІМ.

Telegram каналының тобында тараған ақпаратқа қарағанда автокөліктегі үш адам «Қазақмыстың» қызметкерлері, олар аң аулап жүріп, реттелмеген өткелде жүк пойызымен соқтығысқан. Балқаш балқыту зауытының өндірістік бөлімінің бастығы Александр Иванчин мен ЦЭМ бастығы Руслан Абдуллин оқиға орнында қайтыс болғанды. ТБ басшысы Ерден Сағындықов жансақтау бөлімінде жатыр.

машин 3.jpeg