Ауылда ауызсудың бағасы арзандайды
Ауылда ауызсудың бағасы арзандайды
124
оқылды

Сенаторлар бүгін Су кодексіне өзгерістер енгізді.

Қазір қалаға қарағанда ауылда ауызсу тарифі жоғары. Мұның бір себебі, шалғайдағы ауылдарда халық саны аз. Сондықтан су құбырын жүргізу қымбат. Қазіргі кезде аймақтардағы судың құнын төмендету үшін шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алып жатыр.

«Ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастама жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар жаңа тарифтерді бекітудің жаңа тетіктері мақұлданды. Енді жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға осындай өкілеттік беріледі. Жаңа тарифтерді бекіткенде олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын да ескеруі керек. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына арналған тариф республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен, бірақ орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек.

Республика бойынша ауызсудың бір текше метрі үшін ең төменгі төлем мөлшері – 15 теңге.