Instagram-да қорлап пікір жазатындарға тосқауыл қойылады

Instagram-да қорлап пікір жазатындарға тосқауыл қойылады

Бұдан былай rg.ru ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Instagram-да жаңа функция пайда болады.

Дереккөздің хабарлауынша, енді Instagram қолданушылары фото немесе видео жариялайтын кезде қорлау мәніндегі пікірлер жазса, оларға хабарлама келеді. «Интернетте қорлайтындармен күресу мақсатында жасанды интеллектіні ойлап таптық, оның көмегімен Instagram-да қолданушылардың бірін-бірі қорқыту түрлерін ажырата алатын болдық» делінген хабарламада. Бұл функция бастапқыда кейбір елдерде ғана қосылады, ал алдағы бірнеше айда әлем бойынша жұмыс істейді.