«Сабина, Дональд Трамп, UFC» – Қуат Хамитов жоспарымен бөлісті
«Сабина, Дональд Трамп, UFC» – Қуат Хамитов жоспарымен бөлісті
5,127
оқылды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов (19-7-1) республикалық Sports.kz порталына берген сұхбатында биылғы жоспары мен өткенге көзқарасын айтты.

22 қаңтар күні Қуат Хамитов Магнитогорск қаласында Fight Nights Global турнирі аясында ресейлік Алексей Ильенкомен (8-2-1) жекпе-жек өткізеді. Қазіргі уақытта «Найман» қызу дайындық үстінде. Сондай-ақ Қуат саясатқа қызығатынын жеткізді. Әсіресе халықаралық жаңалықтарды бақылап отыратынын айтты. Соңғы күндерде АҚШ-та болған дүрбелең Қуаттың назарынан тыс қалмаған екен. Ол Трампты ашық қолдайтынын айтып, демократтарды сынға алып, 2-3 айда бәрі реттеліп, Дональд Трамп билікке қайта келетініне сенімді екенін айтты. Жеке өміріне байланысты да пікір білдіріп, алдағы 1-2 жылда отбасы құруға ынталы емес екенін жеткізді. Сабинаға байланысты қойылған сұраққа оған бақыт тілейтінін айтып, дұрыс шешім шығарғанын құптады.

Ал UFC-дегі дебютін Қуат әзірге қашан өткізетінін білмейді. «Биылға белгіленген кездесулер бар, сондықтан жыл соңына дейін UFC-де шайқасу жоспарымда жоқ» деді сөз соңында Қуат Хамитов.