Алмас Шарман Қазақстанда коронавирус 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтты

Алмас Шарман Қазақстанда коронавирус 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтты

Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирусты жұқтыру 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтты. 

Оның айтуынша, жағдай 2020 жылғы жаздағы ахуалға қарағанда сондай күрделі болмайды. Ғалым Вашингтон университеті жанындағы Медициналық метрика және бағалау институтының коронавирусқа қатысты деректері негізінде осындай болжам жасаған.

Алмас Шарман бұл болжам бойынша өткен жылғы жаздағы көрсеткішке қарағанда коронавирусты жұқтырғандар саны 45% төмен болатынын айтады.

"Таяу айларда өте абай болыңыздар. Маска тағып, арақашықтық сақтап, адам көп жиналған жерге бармаған жөн. Ұйқыны қандырып, жақсы тамақтанып, жүгіріп, секіріп, көп қимылдаған дұрыс", - деп кеңес береді профессор.
Бұған дейін Алмаз Шарман еліміздегі эпидемиологиялық жағдай 2021 жылы қандай болатынын айтқан болатын.