Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сапарбаев «Тараз» футбол клубына сырттан легионер тасымауды тапсырды

Сондай-ақ аймақ басшысы легионерлерге иек арта бермей, жергілікті жастарға мүмкіндік беруді тапсырды.   

"Айқын" ақпарат
Қаңтар 14, 2021
Қазақстан, Жаңалықтар, Спорт
Сапарбаев «Тараз» футбол клубына сырттан легионер тасымауды тапсырды
82
қаралым

Жамбыл облысының  әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» футбол клубының басшысын қабылдап, өткен жылғы көрсеткішке көңілі толмайтындығын ашып айтты. Сондай-ақ аймақ басшысы легионерлерге иек арта бермей, жергілікті жастарға мүмкіндік беруді тапсырды.   

– Біздің жергілікті ойыншылар негізінде жақсы ойнайды. Сондықтан өзіміздің аяқдопшыларды көптеп тартуымыз керек. Біздің мақсат сол. Ауылдарда талантты футболшылар көп, шығару қажет. Жастар үшін спорттық-сауықтыру кешендері мен футбол алаңшаларын салып жатырмыз. Түрлі жарыстарды өткізіп, ішінен болашағы бар балаларды іріктеуді мықтап қолға алу керек, – деді Бердібек Машбекұлы.

«Тараз» футбол клубының басшысы Талғат Тұрлыбайұлы қазіргі уақытта карантиндік шектеулерге байланысты оқу-жаттығу жиынын шетелде емес, Шымкент қаласында өткізіліп  жатқанын жеткізді.

Түрмеге есірткіні тіс жуатын пастаның ішіне жасырып жіберген

«Ордабасы» клубына жаңа бапкер келді

Таразда мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтіргендер ұсталды

Өткен жылғы көрсеткішке көз салсақ,  «Тараз»  футболшылары  22 ойынның тек 6-да  жеңіске жеткен.  Осылайша турнирлік кестесінде 8-орынға жайғасып,  жоғарғы лигада әрең  қалған болатын. Бұл көрсеткішке аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев көңілі толмайтындығын бірден айтты.

Одан бөлек  команданың бас бапкері Владимир Никитенкомен жасалған келісімшарттың мерзімі биыл аяқталып отыр.  Сондықтан клуб қазір  жаңа маман іздестіру үстінде. Осы ретте өңір басшысы  бас бапкер таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Құрамаға келсек,  бүгінде «Тараз» сапында 10 легионер доп тебуде. Бұл жағдай да облыс әкіміне ұнамай  Бердібек Машбекұлы олардың санын 5-ге дейін қысқартуды міндеттеді.  Оның өзінде легионерлерді қажетті позияциялар бойынша таңдау маңызды екенін баса айтты.

Әрине облыс әкімінің айтып отырған сөзі орынды. Себебі «Тараз» футбол клубы жылда легионерлерді лек-легімен алғанымен олардан келіп жатқан пайда шамалы. Бір ғана бразилиялық легионер Еливелто Дантесті мысалға алсақ та жеткілікті.Трансферлік құны төбе шашымызды тік тұрғызған футболшы «Таразды» топ жарғызады деп күтілген. Алайда ел мақтаған Еливелтоның доп тепкеннен гөрі алаңнан қуылған сәті көбейіп, ең соңында клуб басшылығының өзі бұл ең сәтсіз трансфер болғанын мойындаған болатын. Сондықтан бізге қалтаның қамын емес, жеңісті ойлайтын футболшылар керек. Оларға миллиондап айлық төлеудің де қажеті шамалы. Тек, мүмкіндік берсе болғаны, өңір мен клуб намысы үшін барын салатындары анық.

 

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы

 
Тегтер: легионерСапарбаевТаразФутбол клубы
Алдыңғы жаңалық

Алмас Шарман Қазақстанда коронавирус 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтты

Келесі жаңалық

Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспары бар

Ұқсас жаңалықтар

Алматы
Әлеумет

Алматыда 6 жүкті әйел індеттен көз жұмған

Қаңтар 22, 2021
АҚШ, Әсел Робертс, Джо Байден
Жаңалықтар

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
жер
Әлеумет

Бес ауылдың жері сатылып кете жаздады

Қаңтар 22, 2021
аяз, Қазақстан, ауа райы, ауа температурасы
Жаңалықтар

Қазақстанда -40 градус аяз болады

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 6 жүкті әйел індеттен көз жұмған

Қаңтар 22, 12:00

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 11:57

Бес ауылдың жері сатылып кете жаздады

Қаңтар 22, 11:30

Қазақстанда -40 градус аяз болады

Қаңтар 22, 11:24

Өнеркәсібі дамыған өңір

Қаңтар 22, 11:00

Сәбит Сыраханның өліміне қатысты сот процесі Алматыда өтеді

Қаңтар 22, 10:56

Мақала жариялаудың машақаты

Қаңтар 22, 10:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы

Алматыда 6 жүкті әйел індеттен көз жұмған

Қаңтар 22, 2021
АҚШ, Әсел Робертс, Джо Байден

Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»