Елбасы Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікірін айтты
Елбасы Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікірін айтты
5,081
оқылды
Елбасы «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты ойын айтты.
«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы сөз соңында депутаттарды тағы да өткен сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, фракция мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.