«Сахнагер» сыйлығының иегерлері марапатталды
«Сахнагер» сыйлығының иегерлері марапатталды
233
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар қауымдастығының ұйымдастыруымен Жастар театрында «Сахнагер —2019» ұлттық театр сыйлығын марапаттау салтанаты өтті, ¬— деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.

Шараны ұйымдастырушы Қазақстан театрлары қауымдастығының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, СССР және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов, қауымдастықтың вице-президенті, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Маемеров «Сахнагер» жүлдесіне үміткерлерді тағы бір мәрте құттықтап, шараның берер пайдасы мен театрдың маңыздылығын атап өтті.

Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет табысталып отыр. Марапатталғандардың қатарында өнерге айрықша үлнес қосқан майталмандар марапатталды.

«Сахналық ғұмыр»

Рымкеш Омарханова ­— Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаева — Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

«Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін»

Олег Ли – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғайникамал Байқошқарова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 Сердеш Қажымұратов – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақзұм Бақытжанов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

«Үміт» сыйлығының иегерлері: 

Әсел Сайлауова (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Алматы қаласы)

Шағуан Үмбетқалиев (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, Алматы қаласы)

Александр Шитов (Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының актері,
Алматы қаласы)

Шехназа Қазыханова (Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының актрисасы)

Арайлым Байырбекова (Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, Алматы қаласы)

Әнуарбек Ақсұлтан (Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының артисі, Павлодар қаласы)

Әсел Асылбекова (Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық музыкалық драма театрының актрисасы, Семей қаласы)

Антон Дударев (Мемлекеттік Республикалық академиялық Неміс драма театрының артисі, Алматы қаласы)

Өмірзақ Айдаров (Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының артисі, Жетісай қаласы)

Мәдина Өсербаева (С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, Петропавл қаласы)

Олжас Жақыпбек (Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының артисі, Нұр-Сұлтан қаласы)

Ульяна Штильман (М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы, Нұр-Сұлтан қаласы)

Мейрам Хабибуллин (Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері, Ақтөбе қаласы)

Ақтолқын Төлеуова (Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, Қызылорда қаласы)
  
Төленді Альгожин (І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының артисі, Қостанай қаласы)

Дарья Чувакина (Ф.Достоевский атындағы Семей орыс драма театрының актрисасы, Семей қаласы)

Нұркен Орынбек (Ж.Шанин атындағы Шымкент академиялық қазақ драма театрының артисі, Шымкент қаласы)

Наргиз Шадыева (Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Орал қаласы)

Владислав Букаткин. (М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артисі, Алматы қаласы)

Нұрбек Съезхан. (Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының артисі, Атырау қаласы)

Қарлыға Сыбанова. (Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театрының актрисасы, Семей қаласы)
  
Айбек Иманқұлов. (Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының артисі, Ақтау қаласы)

Расул Усманов (Алматы қаласы)

Нұржан Бейсбеков (С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының артисі, Жезқазған қаласы)

Азамат Алматов (Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының артисі, Арқалық қаласы)

Шалқар Мүкен (Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының артисі) Алматы қаласы

Тұрсынжан Илиев (Қ.Кужамьяров атындағы мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының артисі,
Алматы қаласы)

Александра Букреева (Ақмола облыстық орыс драма театрының актрисасы, Көкшетау қаласы)

Әли Бидахмет (Номад театрының артисі) Нұр-Сұлтан қаласы

Асхат Әділбекұлы Мәден «Наз» мемлекеттік би театры.