Ақтөбеде Самара-Шымкент тасжолында жедел жәрдем қызметінің көлігі аударылып қалды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Самара-Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Аққұдық кенті аумағында жеңіл көлік пен жедел жәрдем қызметінің көлігі соқтығысты. Алдын ала мәліметке қарағанда, жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан Әйтеке би аудандық ауруханасына тиесілі «Уаз» автокөлігі аударылып қалды.
«Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушы түрлі дене жарақатымен Хромтау ауданының ауруханасына түсті. Бірнеше сағаттан кейін жедел жәрдем көлігінде болған есепші есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.