«Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді
«Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді
5,161
оқылды
Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 14 қаңтарда елордада «Салават Юлаев» (Қазан) командасымен кездесті Командалар бұған дейін 10 ойын өткізген. «Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-де басымдық танытты. Ал «Салават Юлаев» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет қана жеңілді. Елордалық клуб 49 ұпаймен 16 орында тұрса, «Салават Юлаев» 58 ұпаймен 7 орынға жайғасқан. Бүгінгі кездесуде ресейлік клуб сапынан Филип Ларсен 13-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшілері Кирилл Панюков 22, Якоб Лилья 28, Никита Михайлис 29-минуттарда мергендігімен көзге түсті. «Салават Юлаев» ойыншылары Сакари Маннинен 32, Джефф Плэтт 37, Александр Алексеев 41-минуттарда гол соғып кетті. Ал Маркус Гранлунд 47-минутта «Салават Юлаевтың» басымдығын арттыра түсті. Қорытынды есепті 58-минутта реесйлік хоккейші Пётр Хохряков белгіледі. Ойында «Барыс» қарсыласынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Енді «Барыс» елордада 17 қаңтарда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдайды.