Алматыда жоғалған студент қыз жігітімен Сарыағашқа кетіп қалған
Алматыда жоғалған студент қыз жігітімен Сарыағашқа кетіп қалған
134
оқылды

Бір апта бұрын жоғалған студент қыз табылды.

«Қазақпараттың» хабарлауынша, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті, 16 жастағы бойжеткен табылды.

Анасы Күләш Әкімбекованың айтуынша, жасөспірім қыз жігітімен бірге басқа қалаға кетіп қалған.

«16 жетоқсан күні құзырлы органдар тапқан. Ол өзінің жігітіне еріп Сарыағашқа кетіп қалған. Біз жастармен сөйлестік. Оның айтуынша, маған айтып, ескерткен күнде мен рұқсат бермейді деп ойлаған. Сол себепті ешкімге хабар бермей кетіп қалған»,— дейді қыздың анасы.

Бұған дейін Айғаным Әкімбекованың 9 желтоқсан күні оқудан шыққан соң жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.