Тұрғындар ұсынысы ескерусіз қалмайды

Тұрғындар ұсынысы ескерусіз қалмайды

Алматы қаласында сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде 1 600-ден астам ұсыныс жинақталды. Олар көбінесе әлеуметтік мәселелер бойынша, қаланы абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, көлік инфрақұрылымы, шағын және орта бизнесті дамыту, экология бағыттары бойынша болды.

Әрбір ұсыныс қаралып, ескертулер қабылданды. Мысалы, әлеуметтік сала бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау, балабақшалардағы орын жетіспеушілік мәселесі, көпбалалы аналарды қолдау бағдарламалары бойынша мәселелер көтерілді. Қаланы абаттандыру бойынша көшелерді жарықтандыру, арықтармен қамтамасыз ету, балалар алаңдарының санын көбейту мәселелері тұрғындарды толғандыратыны белгілі болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша сумен, газбен жабдықтау мәселелері өзекті саналып отыр. Сонымен қатар ПИК жұмысын партия тарапынан қадағалап, бақылауда ұстау бойынша ұсыныстар да түсті. Ал көлік инфрақұрылымы бойынша жалпы қаладағы жолдарды салу жұмыстарының сапасы, жеткілікті қоғамдық көлік санымен қамтамасыз ету мәселелеріөзекті саналады. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар да баршылық. Бүгінде тұрғындарды сондай-ақ экология саласы бойынша ЖЭО-ны газға ауыстыру мерзімі, қаладағы жасыл кеңістіктерді көбейту бойынша жасалып жатқан жұмыстар қызықтыруда. Аталған ұсыныстар мен аманаттардың 79 пайызы сайлауалды бағдарламада қамтылған. Қалған ұсыныстар мен аманаттар жеке тәртіпте қарастырылып, партияның тұрақты бақылауына алынады.

Абылайхан ЖҰМАШ