Тек қана батыс аймаққа Қара теңіз ауданынан келетін циклон ықпал етеді. Сондықтан батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.
Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыс пен батыста көктайғақ сақталады. Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түседі, жел күшейеді. Күндіз жел екпіні – 23-28 м/с. Түркістан облысында жаяу бұрқасын соғады. Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші күндіз 23 м/с жетеді. Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 25 м/с болады. Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысында боран соғады.Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Жаланашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.