Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі коттеждерді тонап жүрген ұрылар ұсталды
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі коттеждерді тонап жүрген ұрылар ұсталды
90
оқылды

Ақмола облысының елорда маңындағы елді-мекендерде тұратын ауқатты адамдардың үйлерін тонап келген ұрылар тобы ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.Ұрылар Нұр-Сұлтан қаласы және Қостанай, Түркістан облыстарынан келген. Жедел іздестіру шарасы кезінде Целиноград ауданы аумағында мүлік ұрлаудың бірнеше оқиғасына қатысы бар қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Целиноград аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұсталған 20-24 жастағы үш ер адамның (бұрын сотты болған) Қосшы және Талапкер ауылдарында ауқатты адамдардың үйін тонағанын анықтап отыр.

«Күдіктілер тонайтын үйіне алдын ала барып, мәлімет жинаған. Кешкілік уақытта үй иелерінің жоқтығын пайдаланған олар терезе арқылы түсіп, әшекей бұйымдар, ақша және құндыз тон сияқты бағалы заттарды тонаған. Күдіктілер жалға алған көлікпен жүрген және Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақүйлерде тұрған», – дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.