Ақмола облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының алғашқы отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси бюро кеңесінің шешімімен тағайындалған фракция жетекшісі Ғалым Бекмағамбетов басқосу барысында фракция жетекшісінің орынбасары қызметіне облыстық мәслихат депутаты Айнагүл Балташеваны ұсынып, бұл ұсыныс депутаттардың дауысымен қолдау тапты. Сонымен қатар отырыс кезінде Ақмола облыстық мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың төрағалары қызметіне келесі депутаттар ұсынылды. Бірауыздан облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері бойынша комиссия төрағасына Елена Мащинская, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасына Умар Шоназаров, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасына Жұмабай Әміржанов, облыстық мәслихаттың парламенттік этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасына Әсен Жақсылықов кандидатуралары ұсынылып, тағайындалды. Кезекті тағайындаулардан соң отырыстың жұмыс тәртібі мен жоспары талқыланды.Абылайхан ЖҰМАШ