Жастар мен әйелдер саны өсті
Жастар мен әйелдер саны өсті
130
оқылды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1-бабының 5-тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының 13 қаңтардағы қаулысымен 27 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Ақ-төбе облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін облыстық сайлау комиссиясына жолданды.

Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту «Мықты көшбасшылар – Мықты партия» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік берді. Енді жаңа фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр». Жалпы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 59%-ға жаңарды. Орташа жасы – 49, яғни 3 жылға жасарды. орытынды партиялық тізім теңестірілген. Яғни, тізімдегі 19 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 7 кандидат облыс әкімінің квотасы бойынша бекітілген. Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жаңа құрамының 30%-ы әйелдер, 20%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Негізінен, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, ҮЕҰ, БАҚ, кәсіпкерлік және т.б. сала өкілдері енді. Депутаттыққа кандидаттардың 1-еуі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер.

Абылайхан ЖҰМАШ