Қорғаныс саласының бюджеті 738 млрд доллар болды
Қорғаныс саласының бюджеті 738 млрд доллар болды
87
оқылды

Ақ үй мен Конгресс арасындағы келіспеушіліктерге байланысты қорғаныс бюджеті 60 жылда алғаш рет уақытында қабылданбады.

АҚШ сенаты сейсенбіде АҚШ-тың 2020 жылға арналған қорғаныс бюджетінің 738 миллиард доллар сомасын қабылдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 миллиард долларға көп, – деп жазады bbc.com.

Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.

Бюджет ғарыш күштерін жеке әскерилер түріне бөлуді қарастырады. Сондай-ақ, құжатта «Солтүстік ағын – 2» және «Түрік ағыны» жобаларына қарсы санкциялар есептелген.

Украинаға әскери көмек жеткізуге 300 миллион доллар бөлінген.