Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы парамен ұсталды

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы парамен ұсталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиынын өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 млн 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.

17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

https://youtu.be/dcHR9CSqo14