СІМ: Қазақстандық дипломаттың қазасына қатысты қауесет шындыққа жанаспайды
СІМ: Қазақстандық дипломаттың қазасына қатысты қауесет шындыққа жанаспайды
110
оқылды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров арнайы бирифингте ҚР Египеттегі Елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қазасына қатысты қауесетке түсінік берді.

«Бұл қауесет шындыққа жанаспайды. Ол табылған кезде мойны баспалдақтың үстіне асылған жіпке оралып тұрды. Алғашқы тексеріс кезінде денесінде ешқандай дақ, көгеру, қандай да бір жарақат болған жоқ. Аяқ-қолы байланбаған еді», – деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілінің айтуынша, оқиға орнынан алынған фото және бейнематериалдар бұл ақпаратты растайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін СІМ Египетте өз қызметкерінің қайтыс болғанын растаған болатын.

Кейбір ақпарат құралдары қазақстандық дипломаттың өлімінің жұмбақ мән-жайы туралы хабарлаған еді. Атап айтқанда, Е. Жолдасовтың кіреберісте қолдары артына байланып, өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат жарияланды.