7 жыл бойы тиын жинаған отбасы банк қызметкерлерін таң қалдырды
7 жыл бойы тиын жинаған отбасы банк қызметкерлерін таң қалдырды
123
оқылды

Қарағандылық отбасы 7 жыл бойы тиын жинаған, – деп жазады Tengrinews.kz Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдерінің дерегіне сүйене отырып.

Отағасы балаларының депозитіне 700 мың теңге қаражат салып, банк қызметкерлерін таңғалдырған. Олардың назарын аударған жиналған ақша мөлшері емес, оның номиналы еді. Өйткені, банк клиенті 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып, алып келген.

Аты-жөнін айтпауды өтінген отбасы қаражат жинауды осыдан 7 жыл бұрын бастағанын айтыпты. Ол жинақ сандықшаны сатып алып, оны толтырғаннан кейін, жұбайының туған күніне сыйлық ретінде сыйлаған. Соңғы екі жылда жұбайы сыйға алған қаражатты жұмсамай, оны керісінше ұлдары Арнат пен Тілектің депозитіне салып отырыпты.

Монеталарды банкке апармас бұрын, отбасы мүшелері 4 сағат бойы жинаған тиындарын санаған.

тенге 2.jpg