«Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын! Жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін! Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін», – деді Президент. Бес жылға жуық уақыт ішінде Парламентте 400-ден аса заң қабылданды.
«Жаңа сайланған депутаттар анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі, бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.