Ұлттық мәртебе алған ұжым
Ұлттық мәртебе алған ұжым
200
оқылды

Алматыдағы М.Әуезов атын­дағы академиялық дра­ма театрына өткен жыл­­­дың соңында Мем­ле­кет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жар­лы­­ғымен «Ұлт­тық» мәр­тебесі бе­ріл­ген бо­ла­тын. Театрдың ұлт­тық мәртебе алуына және 95 жыл­дық тойына арналған іс-шара өтті.

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма  теа­тры­ның директоры Еркін Жуас­бек барша әріптеске алғыс біл­діріп, бұл марапат театр ұжы­мы­на үлкен жауапкершілік жүк­тейтініне тоқталды. Осы айтулы іс-шараға астанадан арнайы кел­ген Мәдениет және спорт минис­трі Ақтоты Райым­құлова былтыр осы салада ат­қарылған ауқымды істердің бір бөлігіне тоқталып өтті. Ми­нистрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде былтырғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және архив ұйымдары қызмет­керлерінің жалақысы респуб­ликалық деңгей­де 50%-ға, өңір­лерде 35%-ға дейін өскен. Жалпы, мұндай өсім рес­публика бойынша шамамен 34 мың адамды қамтыған. «Бұл бағыттағы жұмыстар бұ­дан ары да өз жалғасын таба­ды. Балет əәртістерін мемле­кет­тік қол­дау мақсатында мәде­ниет ұйымы­нда кәсіби қыз­метін тоқ­та­тқан кезде кемінде 20 жыл кәсіби еңбек өтілі бар ба­лет əртісіне соңғы үш жыл ішін­дегі орташа жалақыдан 60% мөлшерінде арнайы ай са­йын­ғы ақшалай төлемдер қарас­тырылады. Сондай-ақ əәдебиет пен өнер қайрат­керлерін, да­рын­ды жастарға мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы­ның мәдениет сала­сындағы стипен­диясы 240-тан 660 АЕК-ке дейін өсті. Мәдениет және өнер саласын­дағы ерекше мәр­те­бесі бар жоғары оқу орын­дары­ның профессор-оқы­тушылар құ­рамы үшін жала­қы­сына 1,75 коэффициенті сақ­тала­ды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт сала­сын­дағы мамандан­дырыл­ған мек­тептер мен колледждер қыз­мет­­керлерінің жалақысы жыл сайын, 2023 жылға дейін 25%-ға көбейеді. Ең қуаныш­тысы, осы саладағы қызметкер­лердің тұрғын үй жағ­дайын жақсарту бойынша қар­қын­ды жұмыстар жүзеге асырылу­да, – деді ми­нистр. Сондай-ақ ол таяу мер­зімде тарихи нысан болып са­налатын театр ғимаратына күр­­делі жөндеу жұмыстары жүр­­гіз­ілетінін, жұмыс бары­сын­да оның тарихи келбеті ба­­рынша сақталуы­на мән бері­летінін айтып өтті. Былтыр Әуезов атындағы театр­мен қатар Алматыдағы төрт бірдей өнер және мәдениет ордасы Ұлт­тық мәртебеге ие болған еді. Осын­дай құрметке лайық деп таныл­ған Абай атындағы Қазақ ұлт­тық опера және балет театры директоры А.Қалиева, М.Лермон­тов атын­дағы ұлттық орыс драма театры директоры Ю.Якушев, Құр­манғазы атындағы ұлттық ха­лық аспаптар оркестрі ди­ректоры М.Қуанышев және Ұлттық кітап­хана директоры Б.Оспановалар да өз риза­шылығын білдіріп, Әуезов теа­тры ұжымын 95 жылдық ме­рей­­тойымен құттықтады. Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ­стан және КСРО халық әрті­сі Асанәлі Әшімов ұлттық мәртебе иеленген мәдениет ордасына игі тілегін арнап, өнер мен мәдениетке көрсеткен құрмет пен лайықталған ма­рапат үшін Мемлекет бас­шы­­сына, Мәдениет және спорт ми­нистр­лігіне алғыс айтты. Осы күні театрдың 95 жыл­дық мерейтойына арналған «Киелі қа­ра­шаңырақ» атты көрме ұйымдас­тырылып, театр өнерпаздары кон­церт қойды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова театр ұжымына Президент құттықтау хатын табыстап, ми­нистр­лік атынан театр қызмет­керлерін алғысхатпен марапат­тады.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ