Мәнерлеп сырғанау сәнге айналды

Мәнерлеп сырғанау сәнге айналды

Желіде азаматтар еліміздің су қоймаларында түсірілген видео­лары­мен бөлісіп жатыр. Бұл ролик­тердегі басты атрибут – коньки. Қаз­нетті әуесқой және кәсіпқой мәнерлеп сырғанаушылардың видеолары жаулап алды. Біреу­лері әдемі көйлек киіп сырғанап жүр, басқалары қарапайым киінген, алай­­да айналадағы табиғаттың ке­ре­­меттігінен барлығы кербез әрі әдемі көрінеді. «Сұлулық үшін бәрін тас­таңыз», – дейді олар.

Мұндай видеоны қазақстандық мә­нер­леп сырғанаушы Элизабет Тұрсын­баева жариялады. Видео Бурабайда түсір­іл­ген. Элизабеттің аккаунтына жазылған оқырмандар түрлі пікірлер жазып, таңда­нысын жасырмады. Кейінірек мәнерлеп сыр­ғанау­шы тағы бір видео жариялап, сипат­тама­сында «Қатты сына­ма­ңыздар. Бұл езуге күлкі  үйіру үшін ғана» деп жазды. Сондай-ақ желіде  Каспий теңізінің мұзында сырғанап жүрген Нұрәли Бектеміровтің видеосы пайда болды. Кадрларды видеоның авторы — фотограф Әди Бектеміров Instagram желі­сіндегі аккаунтында жариялады. Онда мәнерлеп сыр­ғанаушы Нұрәли Zack Gray-дың орындауындағы Try әнін пайдаланған. Танымал болғандар арасында Қапшағайда мұз үстінде қызыл көйлек киіп, сырғанаған қыз да бар. Ол бұрын мәнерлеп сырға­наумен айналысқан Ксения Панкратова екен. «Мұз мөлдір болады деп үміттендік, алайда онсыз да керемет шыққан сияқты. Мұны негізі жеке мұрағат үшін түсірдік, алайда осы бір сәтіммен бөлісуді ұйғар-дым», – деп жазды Панкратова. Қапшағай су қоймасы Ксенияны ғана қызық­тырмаса керек. Бұл жер аз уақыттың ішінде фотосессия мен видеотүсірілімдер жасауға арналған мекенге айналды. Тіпті, TikTok желісінде әзіл аралас видеолар да жария­ланып жатыр.

Айша ЕРСҰЛТАН