«Қайрат» 1,2 млн еуроға ойыншы сатып ала ма?
«Қайрат» 1,2 млн еуроға ойыншы сатып ала ма?

Конгодан шыққан неміс шабуылшысы, екінші Бундеслигадағы «Падерборн» клубының ойыншысы Стрели Мамба қазақстандық «Қайрат» клубына өтуі мүмкін. Сонымен бірге оның бағасы 1,2 млн еуро болады деген болжам жасалып отыр.

Kicker басылымының мәліметінше, «Падерборн» ойыншысы үшін түрлі бонус қосып, миллион еуро талап етуді көздеп отыр. Себебі ол неміс командасымен 2022 жылға дейін шарт жасасқан. Transfermarkt сайты 26 жастағы ойыншының нарықтағы бағасын 1,2 миллион еуроға бағалады. Мамба шабуыл ортасында да, қапталда да жақсы ойнайды. Стрели Мамба отанында жастар командасында – «Штутгартта» ойнады. Сондай-ақ «Энерги» және басқа клубтардың құрамында болды. Күзде бірінші Бундеслигадағы «Кельн» оны 1,5 миллион еуроға сатып алуға дайын болған. Бірақ трансфер жасалмай қалған еді.

Жадыра АҚҚАЙЫР