20 жастағы алматылық ару мобильді қосымша ойлап тапты
20 жастағы алматылық ару мобильді қосымша ойлап тапты
126
оқылды

Платформа болашаққа жоспар құрып, мақсатқа жетуге ынталандырып, түрлі дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

Ұялы қосымша алғашқы күннен-ақ әлем алпауыттарының арасында 8-орын алған. Оның негізгі мамандығы – компьютерлік ойындар құрастырушы. Еркежан көпбалалы отбасында өскен. 13 жасында АҚШ-тың Халықаралық тіл мектебі туралы жарнаманы көріп, осы мектепте оқығысы келетінін айтқанда қаржылық жағдайға байланысты ата-анасы оны қолдамаған. Талапты жас сол кездің өзінде болашағының жарқын болуы тек өз қолында екенін түсінген. Өз шығармашылығымен айналысып, 16 жасында халықаралық компанияға жұмысқа орналасқан. Келер жылы өз қаражатына бір ай бойы шетелге саяхаттап қайтудың мүмкіндігі туады. Сол кезде өзі қаражат тауып, саяхат жасаудың қаншалықты керемет екенін түсінген. Еркежан 18-ге толғанда European Union гарантын жеңіп алды. Олар оқу ақысын төлейді де, баспана, тамақ және жол ақысын өзі төлеу керек болады. Қалтасындағы небары 500 доллармен тәуекелге бел байлап, жолға шыққан ол жат елге барған соң кешке дейін оқыды, жұмыс істеді, шет тілін үйреніп, өзін жан-жақты дамытуға тырысты. Осылайша қаржылық жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете бастады. Қазір оның WeBridge атты компаниясы бар. Онымен қоса Шенген аймағында – тамақтану, консалтинг, білім беру салалары бойынша көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Алматы қаласының тумасы қазір Польша астанасы Варшавада тұрып жатыр.