Көлсайдан балық аулауға рұқсат беріле ме?
Көлсайдан балық аулауға рұқсат беріле ме?

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиға ресурстар министрлігіне қарасты «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жақында 2021 жылға арнап биологиялық негіздеме жасап шығарды.

Бұл құжат бойынша балық шаруашылығына арналған су қоймаларындағы және олардың учаскелеріндегі балық өнімділігін анықтау жүргізілді. Оның ішінде Алматы облысы, Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК қарасты Төменгі Көлсай және Екінші Көлсай су қоймалары сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгілі мөлшерде балық аулау режимін реттеудің биологиялық негіздемесі жасалды. Бионегіздеме мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберілді. Енді гидробиология және экология институты нақты шешім шығарады. Бұған дейін жоғарыда аталған су қоймаларында балық аулауға қатаң тыйым салынып келген еді. Көлсай көлдерінде патшабалық (форель) және ақ балық тіршілік етеді.