Алдағы демалыста күн жылынады
Алдағы демалыста күн жылынады
89
оқылды
"Қазгидромет" РМК 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын: батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте - қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі", - делінген хабарламада.