Азық-түлік бағасы бақылауға алынды
Азық-түлік бағасы бақылауға алынды
130
оқылды

Түркістанда мерекелер қарсаңында сауда орталықтары мен базрлардағы азық-түлік бағаларының бағасы аспандап шарықтап кетпес үшін кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жасалды.   

Облыс әкімдігінің бастамасымен сала мамандары желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Шапағат», «Дастархан», «Дастан», «Береке», «Бәйтерек», «Жібек жолы» сауда үйлерінде және «Қуаныш», «Алтын бұлақ» базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, мамандар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сауда орындарындағы нарықтың қалыпты екеніне көз жеткізді және базардағы тауарлардың бағасы үнемі қадағалауда болады.

Шараның мақсаты – халық жиі тұтынатын тауарлардың құнын өсірмей, азық-түлік бағасын тұрақтандыру.