Жетінші шақырылым депутаттарының бірауыздан қабылданған шешімі бойынша 38 жастағы Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды. Басқару институтының, сондай - ақ Қазақстан-Ресей университетінің түлегі өзінің еңбек жолын Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің маманы болып бастады, әр жылдары ішкі саясат басқармасын басқарды. Кейіннен "Байқоңыр" ауданының алғашқы әкімі болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды. Соңғы атқарған қызметі - "Nur Otan" партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
"Депутаттың жетістігі - оның сайлаушыларын қалай тыңдауы, олардың ұсыныстары, өтініштері мен тілектерін шешудің жолдарын іздеуіне байланысты. Егер депутат тыңдап, адамға қалай көмектесуге болатынын білсе, онда оның серігі сәттілік болатыны сөзсіз. Біз, жаңа шақырылым депутаттары, қала тұрғындарының үмітін ақтап, елорда өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынымызға сенімдіміз", - деді Ерлан Каналимов.Бүгін төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды. Заң, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссияны Талғат Нәрікбаев, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияға Нұрлан Көпешов сайланды. Құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі комитет - Батыр Котырев, ал әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі комитетке -Алтыншаш Табулдина сайланды. "Nur Otan" партиясы фракциясының жетекшісі болып Владислав Сергеев бірауыздан сайланды. Елорда мәслихатының құрамында 31 депутат бар, олардың 26-сы "Nur Otan" фракциясының мүшелері. Ең жас депутат Бақдәулет Жанділдаев 22 жаста.