Ташкент метро құрылысында төтенше жағдай: бес адам қаза болды
Ташкент метро құрылысында төтенше жағдай: бес адам қаза болды
5,111
оқылды

Ташкентте Юнусабад метро желісінің құрылысы кезінде қатты жаңбырдың салдарынан топырақ опырылып құлады хабарлайды Podrobno.uz.

Төтенше жағдай 18 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де құрылыстың ашық алаңында болды. Шамамен 250 текше метр аумақтың топырағы құлаған. Өрт сөндірушілер күні бойы шұңқырдағы суды сорып алды.

Құтқарушылар оқиға орнынан бес адамның мәйітін тауып, анықтады. 1999 жылы туылған Д.Абдуллаевтың, 1986 жылы туған А.Диеровтің, 1989 жылы туылған Дж.Равшановтың, 1956 жылы туған Т.Абдуллаевтың және 1996 жылы туған И.Рахматовтың денесі шұңқырдан шығарылды.

«Мен телефонмен сөйлесіп тұрдым. Сөйлесіп болғанда бір нәрсе жанып кетті. Кабель сымы жанып жатқандай әсер етті. Өте бір қорқынышты жағдай болды. Содан кейін бетон құлап кетті. Мен ағамды іздей бастадым. Менің ағам және біздің бригададағы тағы төрт адам топырақтың астында қалды», – деп хабарлаған оқиға орнында болған жұмысшының бірі UZREPORT TV тілшілеріне.

Апаттың салдарын жоюға ТЖМ күштері, Ташкент қаласы әкімдігі және мердігер құрылыс ұйымдары жұмылдырылды.

https://youtu.be/cZqnW6qA6e4