Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 22 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 22 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хеге қатысты үкімді бекітті. Бұл жөнінде 14 қаңтарда "Рёнхап" агенттігі хабарлады, деп жазды centralasian.org. Ол енді абақтыда 22 жыл отырады. 2018 жылы саясаткер 24 жылға сотталған.
Пак Кын Хе — 1979 жылы қастандықпен өлтірілген елдің бұрынғы президенті Пак Чон Хидің қызы. Ол елін кедейшіліктен алып шығып, әлемнің дамыған мемлекеттердің біріне айналдырған саясаткер ретінде танымал.1998 жылы Кын Хе әкесі құрған партиясы атынан парламентке сайланған. 2012 жылы Оңтүстік Корея тарихындағы бірінші әйел президент болды.
  2016 жылы оған құрбысына мемлекеттік құпияны жариялады және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыптар тағылды. Жаппай наразылық шараларынан кейін парламент оған импичмент жариялады. 2017 жылы ол ұсталды. 1980 жылдан бері Оңтүстік Кореяда президент болған сегіз саясаткердің төртеуі сотталған. Оның біреуі өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Біреуі өлім жазасына кесілген, бірақ оған рақымшылық жасалды.