Алматы облысы әкімдігі карантиннің күшейтілуіне байланысты өңірдің жабылуына қатысты пайда болған мәліметке түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат Алматы облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес келмейді және тиісінше қала, аудандарда да ондай шешім қабылданған жоқ", — деп хабарлады әкімдік.Әкімдіктің хабарлауынша, бұл ескірген ақпарат және өткен жылдың наурыз-сәуірінде коронавирустың бірінші толқынында қабылданған шектеу шаралары. Өңір билігі жалған ақпарат таратпауға шақырды. Бұған дейін Алматы облысында демалыс күндері карантин күшейтілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.