Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ұшақтың оң жақ қозғалтқышында өрт шыққан.

Жапонияның All Nippon Airways (ANA) әуе компаниясының Boeing-767 жолаушылар ұшағы бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында Фукуока қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды,– деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның бортында экипаж мүшелерін қосқанда 278 адам болған. Агенттіктің дерегі бойынша, ешкім зардап шекпеген.