Қайыр сұрайтындарға айыппұл салынады
Қайыр сұрайтындарға айыппұл салынады
107
оқылды
Шымкент қаласының полицейлері екі күннің ішінде қабылдау орталығына 77 адамды жеткізген. Ұсталған қайыршылардың барлығы – шетелден келгендер. Олар қаладағы адам көп жүретін орталық көшелерде жұрттан қайыр сұрауды кәсіпке айналдырған. Мамандардың айтуынша, алаяқтардың барлығы өздерінің қиын тағдырлары туралы айтып, босатуын өтінеді. Алайда қайыршы кейіпіндегі кісілер күніне 10-15 мың теңге табыс табатынын да жасырмайды. Бірақ санитарлық талаптарды айтпағанда адам тұруға келмейтін ескі ғимараттарға топ-тобымен жайғасқан. Онда үй-күйі жоқ қаңғыбастар да тұрып жатыр. Жақын арада сот шешімімен шетел азаматтары елден шығарылады. Кейбіріне айыппұл төлеуге тура келеді. – Іс-шара жүргізу барысында ұсталғандардың көбімен сұхбат жүргіземіз. Олардың көбі қайыршылықты әдетке айналдырған. Ақша табудың оңай жолы ретінде көреді. Қайыршылықпен айналысып жүрген азаматтарға біз әкімшілік кодескінің 444 бабы бойынша хаттама толтырып, ескерту немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл саламыз. Екінші мәрте қайталған жағдайда шетел азаматтарын сот шешімімен елден шығарамыз – дейді Данабай Әлиев, қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім басшысы.