Елорданың бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады
Елорданың бас шыршасы 20 желтоқсанда жағылады
5,114
оқылды

Салтанатты шарада қазақстандық әншілер өнер көрсетеді.

ЭКСПО іскерлік орталық аумағындағы бас шырша 20 желтоқсанда жағылады. Осыған дейін, шыршаның шамдары 18 желтоқсанда жағылады деп жоспарланған еді, – деп хабарлайды tengrinews.kz.

Салтанатты шарада қазақстандық әншілер өнер көрсетеді. Келушілер мұз төбешіктерінен сырғанай алады. Мерекелік бағдарлама «Нұр Әлем» сферасының астында болады.

Сонымен қатар, ЭКСПО іскерлік орталықта мұз айдыны бар. 1300 шаршы метрлік мұз айдынында 200 адам бір уақытта сырғанай алады.

Конькилерді жалға алу – 500 теңге, ал өзімен алып келген жағдайда кіру тегін. Дүйсенбіден жұмаға дейін 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін.

ЭКСПО аумағында кафе мен мейрамханалар жұмыс істейді, 3000 орындық жерасты тұрағы да бар.

Желтоқсанның 21-27 аралығында 15:00 және 18:00, 28 және 29 желтоқсанда 12.00, 15.00 және 18.00-де «Нұр Әлемде» жаңажылдық «Құпия суперкүш» шоуы өтеді.

Танымал фильмдердегі және комикстердегі қаһармандары қонақтардың көңілін көтереді. «Нұр Әлем» сферасына билетпен кіреді. Алты жасқа дейінгі балаларға – тегін. Оқушыларға – 500 теңге.