Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды
100
оқылды
Қостанай-Әулиекөл трассасының 10-шақырымында жол апаты болды. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі. 10 қаңтар күні сағат 19:40 шамасында Hyundai Solaris-ті жүргізіп келе жатқан 42 жастағы ер адам 27 жастағы жігіттің басқаруындағы Audi 100 көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Hyundai көлігінің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші дене жарақаттарын алған. Audi-дің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Жүргізушінің 28 жастағы жұбайы ауыр халде. Ал Audi жүргізушісі ауруханада көз жұмды.