Каспийдің қазақстандық бөлігінде жылына 72,5 тонна мұнай өндірілмек
Каспийдің қазақстандық бөлігінде жылына 72,5 тонна мұнай өндірілмек
145
оқылды

Каспий құбыр желісі концорциумының қазақстандық бөлігінде мұнай өндірісін жылына 72,5 тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алдағы уақытта Каспий құбыр желісі концорциумының қазақстандық бөлігінде мұнай өндірісін жылына 72,5 тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Қазіргі таңда өндіріс қуаттылығының көлемі 67 млн тонна болып тұрғанымен, 54 млн тонна мұнай өндіріледі. Жоба арқылы елдің басты экпорттық бағдарының қуаттылығын арттыру, соның ішінде Теңіздегі мұнай өндірісін жылына 43,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Жоба 2024 жылға дейін жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.