Жаңа саяси реформалар жүйелі жаңғыртулардың лайықты жалғасы
Жаңа саяси реформалар жүйелі жаңғыртулардың лайықты жалғасы
119
оқылды

VII шақырылымдағы Пар­­­ламенттің 1-сес­сиясы өз жұ­­­мысын бастады. Сес­сия­­ның ашылуында Мем­лекет бас­шысы жаңартыл­ған де­пу­­таттық құрамның ал­дында тұрған маңызды міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ елімізде қолға алынған әлеу­меттік-эконо­микалық және саяси рефор­ма­лардың әрі қарай жалғаса бе­ретінін нақ­­ты атап өтті.

Парламент палаталарының бір­лескен оты­рысында Прези­дентіміз саяси реформалардың кезекті топ­тамасын жа­риялады. Соған сәй­кес саяси партия­лар­дың Мәжі­ліске өту шегі 7-ден 5 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл көп­пар­тиялықты дамыту жо­лындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Одан бөлек, сайлау бюллетеньде­ріне «бәріне қарсы­мын» деген жазу енгізілетін болды және әкімдерді сайлау аясын кеңейту үшін тиісті шаралар қабыл­данады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасын іске асыру мақсатымен онлайн-пе­тиция институты заң жүзінде ре­­­сімделеді. Мұндай шара аза­маттық қо­ғамның белсен­ділігін арттыратыны анық. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Омбудсмен туралы ар­наулы заң қабылдау қажеттігін айтты. Сот жүйесін реформалау жұмыстары да жалғаса береді. Мұның бәрі адам құқығын қор­ғау мәселесін жаңа дең­гейге көтере­тін нақты шаралар екені сөзсіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік мәселелерге де ай­рық­ша назар аударды. Әлеу­меттік қамтамасыз ету бағы­тын­дағы мем­­лекеттік саясат кешенді түрде жаңғыр­тылады. Көмекке мұқтаж азаматтарға атаулы әлеу­меттік қолдау көрсету ісі одан әрі жан­дана түспек. Сондықтан Пар­­ламент осы орайдағы заң­нам­а­­ларды жетілдіріп, тың бас­­та­маларды табысты іске асы­руға құқықтық қолдау көрсетеді. Мемлекет басшысы денсау­лық сақтау саласын одан әрі дамыту қажет екенін де атап өтті. Бұл рет­те емделушілердің мүд­десі және олардың денсаулығы басты на­зарда болуы тиіс. Сол себепті ал­­дағы уақытта бұл ба­ғытта ау­­қымды жұмыс қолға алынады. Жас­­тарды қолдау, білім беру ісін жетілдіру, маман даярлау және басқа да салалар бойынша тиісті жобалар әзірле­ніп, жүзеге асы­­рылады. Жалпы, жаңадан жария­­лан­ған баста­малар Пре­зи­ден­тіміздің бұған дейін қолға алған барлық сала­дағы жүйелі жаң­ғырту­ла­ры­ның лайықты жалғасы екені анық. Бұл шаралар саяси жүйе­мізді одан әрі да­мытуға, шешім қабылдау үде­рісіне аза­­­маттардың көптеп қа­тысуына жағдай жа­сауға және қазақ­стан­дық­тардың өмір сүру сапа­сын арт­тыруға ар­налған. Осы ретте Сенат аталған бас­тамаларды нәтижелі іске асыру жұмыстарын заңна­малық тұр­ғыдан қамтамасыз етуге дайын екенін ерекше атап өткім келеді. Сон­дықтан сенаторлар егемен елі­міздің өсіп-өркен­деуіне қа­жетті заңдарды дайындау, тал­қылау және қабылдау барысында жаңадан сайланған Мәжіліс депу­тат­та­ры­мен бірлесіп жұмыс істейтін бо­лады.