Жүйелі жаңғыру жалғасады
Жүйелі жаңғыру жалғасады

Өзгерген әрі көзкөр­ген Пар­­ламенттің алдында баян­дама жасаған Пре­зидент сессияға қаты­су­шыларды сай­лаудың аяқ­талуымен құттықтап, жаңа құрамдағы Мәжіліс депу­таттарына та­быс тіледі. Өткен шақы­ры­лымдағы халық қалау­лы­­ларына ой­­дағыдай қызмет ат­қар­ғаны үшін риза­­шы­лы­ғын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қа­­зақ­станды қуатты мем­ле­кетке айналдыру идея­сын тағы көптің көкейіне қон­дырды. Азаматтық қоғам бел­сенділері Мемлекет бас­шысының мә­лімдемесі ел ертеңі үшін ерекше маңыз­­­ды деп са­найды.

Қазыбек Қазыбек МАЙГЕЛДИНОВ, саясаттанушы: – Мемлекет бас­шысы Мә­­жі­ліс­тің жаңа құ­­рамдағы депу­­­тат­тарының ал­дында сөз сөй­леді. Өз сөзінде Пре­­зидент саяси ре­фор­ма­ларды жү­зе­ге асыру ниетінің дәйекті екенін көрсетті. Саяси партиялар үшін Мәжіліске өту ше­гін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету көп­­парт­иялықты дамы­­­туға және тұтас­тай партиялық жүйе­­ні же­тілдіруге сеп­теседі. Сая­си рефор­­малардың бірінші па­кетінде саяси партияларды тір­кеу шегі 50 пайызға – 40 мыңнан 20 мыңға дейін тө­мендетілгені есімізде. Со­нымен қатар сайлау бюлле­тень­деріне «барлығына қа­сы­мын» деген бағанды енгізу қо­ғамды де­­­­мок­ратияландыру про­цесін, ха­лықтың сан қилы пі­­кір­лерін ес­керу көр­­сеткішін ын­таландырады. Бұл туралы сайлау кезінде азаматтық қоғам өкілдері мен өзге де саяси пар­тиялардың өкілдері айтқан. Біз іс жүзінде билік пен қоғам арасындағы диалогтың нәтижелерін көріп отырмыз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағи­дасының нақ­ты жүзеге асқанына куә болдық. Осы сайлауда 7 пайыздық шектен аса алмаған партиялар кез келген жағ­дайда аймақтардағы пози­­ция­ларын нығайтады. Бүгін Пре­зи­дент олар­дың ұсыныстары мен ұста­нымдары есепке алынатынын мә­лімдеді. Өткен сайлаудың басты артық­шылығы – партиялардың өңір­лердегі позицияларын күшейту және саяси процестерді жандандыру деп ойлаймын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы адам құ­қықтарын қорғауға ба­ғытталған саяси ре­формалардың кезекті пакетін жариялады. Мә­жілістің жаңа шақырылымына мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететін жаңа мін­деттер жүктелді.  width= Марат Б4ШІМОВ, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры: – Қасым-Жомарт То­қаевтың жаңа бастамалары аза­маттардың конс­титуциялық құ­қықтарын қор­ғау жолында зор маңызға ие. Бүгін Президенттің аузынан шық­­қан сөз­дердің түпкі түйіні «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұ­­жырым­дамасымен үндесіп жатыр. Мемлекет басшысы адам құ­қығын қорғаудың институ­цио­налдық тетіктерін нығайту мақ­сатында омбудсмен (адам құ­­қық­­тары жөніндегі уәкіл) туралы жеке заң қабылдау қажет деген ойы уақыт талабына жауап береді. Адам құ­­қықтары жөніндегі уәкілдің ап­­паратын, оның өңірлік өкіл­­діктерін құру идеясы көңілге қонады. Бұл бастаманы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де қолдады. Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассам­блеясының Париж қағи­­датт­арына сәйкес, адам құқық­тарын қорғау жөніндегі мұндай институт Конституцияға немесе арнайы заңға сәйкес құрылуы керек. Оған тәуелсіз, айқындалған юрис­дикциясы мен өкілеттігі бар, жа­риялы, қолжетімді, жедел, аза­­маттық қоғаммен ынтымақтаса жұмыс істейтін қасиеттер қажет. Негізі, сайлау заңнамасында «Мен бәріне қарсы дауыс беремін» деген норма баяғыда бар еді. Кейін, неге екенін қайдам, алып тастады. Адам құқығын құрметтейтін бұл норма халықаралық шарттармен, модельдік заңдармен толық сәй­кеседі. Мемлекет бас­шысы «Шын мәнінде, баламалы пікір және бә­ріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін қалыпты нәрсе болуға тиіс» деп ақиқатын айтты. Ал онлайн-петиция институтын заң жүзінде бекітудегі мақсат – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру және шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту. Аза­маттық қоғамның белсенділігі мен мем­лекеттік органдар қызметінің ашықтығын, жауап­кершілігін арт­­тыратын қоғамдық бақылау туралы заң жобасы да өте маңызды. Ел ара­сында бұрыннан айтылып келе жатқан әңгімені енді заң жүзінде шегелеуіміз керек. Президент жастар саясатын дамытуға ерекше назар аударып, жас­­тардың даму индексін енгізу, жас­­тардың әлеуметтік қызметтері ұғы­мын заңға кіргізу қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлаған соң аудан әкімдерін сай­­лауға көшу шынында да қисынды болмақ. Қайырымдылық қызметті ын­та­­ландыру шаралары – қоғамды бі­­ріктіретін құбылыс. Саяси реформалардың үшінші пакеті азаматтардың консти­ту­ция­лық құқықтарын қорғаудың тиім­­ділігін және омбудсменнің (адам құқықтары жөніндегі уәкіл­дің) рөлін күшейтеді, азаматтық қо­­ғамның мемлекетті басқаруына жол ашады және демократиялық про­­цестердің өркендеуіне ықпал етеді.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ