Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің студенті үшінші қабаттан құлап кетті, — деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оқиғаға байланысты Облыстық ТЖД баспасөз қызметі: «18 желтоқсан күні ведомствоға 17 жастағы жасөспірімнің үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол бірден облыстық ауруханаға жеткізілді. Оған «иық сүйегінің жабық сынуы» диагнозы қойылды», — деп хабарлады.