Ректордан Білім министрінің жеке қабылдауы үшін пара алған «Ғылым қорының» басшысы 57 миллион айыппұл төлейді
Ректордан Білім министрінің жеке қабылдауы үшін пара алған «Ғылым қорының» басшысы 57 миллион айыппұл төлейді
137
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Ж.Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді жүргізді.

Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Едрисовке Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелді. 18 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен А.Ж.Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған тұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айрылды.