Алдағы екі жылда мектептер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі

Алдағы екі жылда мектептер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республиканың барлық мектебін бейнебақылаумен толық қамтуға 1-2 жыл қажет екенін айтты.

«Қазақпараттың» жазуынша, мектептегі қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауда болады. «Елбасы мен Мемлекет басшысы балалардың, әсіресе олардың мектепте болған кездеріндегі қауіпсіздігіне байланысты мәселеге айрықша назар аударады. Біз үшін балалардың мектепте болған кезіндегі қауіпсіздігі ғана маңызды емес. Өздеріңізде білесіздер, балалардың үйде болған кезде терезеден құлап кету жайттары да көп. Сондықтан ата-аналар мен мектептің жауапкершілігін күшейту және балаларымызға қауіпсіз жағдай жасау үшін норма қабылданады. Бұл орайда мектептерді бейнебақылаумен 100 пайыз қамту жайында сөз болып отыр», — деді министр.

Ол сондай-ақ республиканың барлық мектебі 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылатындығын айтты.

«Мемлекеттік бағдарлама 2025 жылға дейін есептелінген. Бірақ біз ары кеткенде 1-2 жылдың ішінде осынау кешенді мәселелер шешілуі тиіс деп есептейміз. Бейнебақылау бойынша келесі жылдың соңына дейін жергілікті басқарудың барлық органдары бұл мәселені шешуі тиіс деген міндет қойып отырмыз. Бұл айта қоярлықтай үлкен проблема емес. Балаларды қорғау мен тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 2025 жылды күтудің қажеті жоқ», — деді Асхат Аймағамбетов.