Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы тағайындалды
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы тағайындалды
Атырау облыстық мәслихатының І сессиясы өтіп, жаңа хатшы тағайындалды. Сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына Әлібек Нәутиев тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге өсіп отыр. Соның ішінде облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал Атырау қалалық мәслихатының депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары 15-ке артты.
 «Сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасақтап, тиімді жолдарын табуымыз қажет. Сондықтан депутаттарды ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын»,– деді Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов.