Полицейлер тәртіп сақшысына шабуылдаған қарияға қатысты пікір білдірді
Полицейлер тәртіп сақшысына шабуылдаған қарияға қатысты пікір білдірді
157
оқылды
Бұрыш баллонымен тәртіп сақшысына шабуылдаған адамның видеосы әлеуметтік желіге таралған еді. Алматылық полицейлер осыған қатысты пікір білдірді. Кадрдан  егде жастағы ер адам қызметкерлердің біріне көз жасаурататын сұйықтық шашқанын байқауға болады. Видеода екі жыл бойы өз баласымен көрісе алмай жүрген қазақстандық келіншектің оқиғасы айтылады.
"Туған анасына өз баласын көруіне рұқсат бермей жатыр. Мұның алдында әйел кей адамдардың заңсыз әрекетінен полицейлеріміздің де шарасыз екенін көрсететін видео жариялаған. Біз заң үстемдік ететін мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ба?", – делінген жазбада.
Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметі бойынша,  оқиға 2020 жылдың 7 желтоқсанында Алматының Наурызбай ауданында болған.
"Учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ ювеналды полиция инспекторлары сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерін тарту туралы қаулы негізінде жеке сот орындаушысымен және қорғаншылық органының өкілімен бірлесіп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызды оның анасы 1994 жылы туған К.Бияхметке беру мақсатында үйге барды. Осы кезде үйге 1954 жылы туған М. есімді азамат келді, ол баланың атасы. Ол полиция қызметкеріне және жеке сот орындаушысына агрессия танытып, бұрыш спрейін қолданды", – дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дидар Аханов.
Осыдан кейін ер адам ҚР ҚК-нің 381-бабы 1-бөлігі бойынша  жауапқа тартты.