«Ордабасы» футбол клубының капитаны Пабло Фонтанеллоның ұлы қазақша сөйледі. Бала 20-ға дейін санап отырған видеоны қақпашы Алмат Бекбаев Instagram-ға жүктеген. Фонтанелло 2017 жылдан бері "Ордабасы" командасында. Осы уақыт ішінде ол 118 матч өткізді.