БҰҰ Бас хатшысы коронавирустың таралуын қалай тоқтатуға болатынын айтты
БҰҰ Бас хатшысы коронавирустың таралуын қалай тоқтатуға болатынын айтты
142
оқылды
Әлемде COVID-19 вирусынан екі миллион адам көз жұмды. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш арнайы мәлімдеме жасап, әлем елдерін күш жұмылдыруға шақырды. Бұл туралы Aikyn.kz БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.  Осы орайда Бас хатшы вакцина өндірушілер жауапкершілікті сезініп жұмыс істеуі керек деп есептейді. Нақтырақ айтсақ, COVAX механизмімен жұмыс істеп, әлем елдерімен бірлесе отырып вакциналарды қажетті мөлшерде жеткізіп, дұрыс таратуы керек. Өйткені әлемдегі бай елдер вакцинаға тез қол жеткізіп, тіпті астыртын келісім арқылы артығымен сатып алып жатыр. Ал кедей елдердің жағдайы керісінше.
БҰҰ Бас хатшысы вирустан қорғану үшін қарапайым сақтық шараларына мән беруге шақырды. «Маска тағу, арақашықтықты сақтау және көпшіліктен аулақ болу. Әлем вирусты бірлесіп әрекет еткенде ғана жеңе алады», – деді ол.