АҚШ-қа көшіп барғандарға 15 мың доллар береді
АҚШ-қа көшіп барғандарға 15 мың доллар береді
94
оқылды

Мұндай жаңалықты usa.one-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.

АҚШ-тың Топека қаласына жаңадан көшіп келген тұрғындарға 15 мың долларға дейін төлейді, — деп жазады дереккөз.

«Топеканы таңдаңыз» (Choose Topeka) пилоттық жобасы аясында қалаға көшіп келген қызметкерлер осы жерде бір жыл тұрақтап тұруы тиіс. Пилоттық бағдарлама аясында пәтер жалдаған адамдарға 10 мың доллар, ал үй сатып алатын немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземін дегендерге 15 мың долларға дейін қаржы төлейді.

Бағдарлама бастамашыларының мақсаты — қаланың беделін көтеру.

Жаңа жоба жайында Маркетинг және коммуникациялар бойынша аға вице-президент Боб Кан Росс: «Бізде Канзас-Ситиді жарнамалаудың қажеті жоқ. Мегаполиске халықтың қызығушылығы жоғары», — деді.

Жалпы, статистикаға сәйкес, 2019 жылғы қазанда Топекадағы жұмыссыздық деңгейі соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге 2,9 пайызға жетті. Мәселен, жұмысшы Дэвид Каллананның айтуынша, «Біз жаңа технологияларды пайдалана отырып, активтерді басқару, технологиялар, бағдарламалау, талантты мамандарды шыңдау — ең үлкен міндетіміздің бірі болып қала береді», — деді Дэвид Калланан.

Ол сондай-ақ қалада халық санының артуы — маңызды әрі ең ұзақ мерзімді стратегиялардың бірі екенін де атап өтті.