"Қайрат" шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендер тізіміне енді
"Қайрат" шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендер тізіміне енді
Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы XXI ғасырдың үздік сұрмергендерінің тізімін жасады. Тізімге 2001 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтары аралығында кемінде 200 гол соққан шабуылшылар енген. Көш басында «Ювентустың» шабуылшысы Кришиану Роналду тұр, оның еншісінде 462 гол бар. Екінші орында "Барселонаның" капитаны Лионель Месси тұр. Үздік бестікке Златан Ибрагимович («Милан»), Роберт Левандовски («Бавария») және мансабын аяқтаған Александр Джурич енді. Тізімге қазақстандық клубтың бір футболшысы енді: алматылық «Қайраттың» форварды Вагнер Лав 231 гол соғып, 29-орында тұр