Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді.Ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады. Шығыс Қазақстанның да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, аяқ болады. Түнгі уақытта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Орал қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман басады. Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі. 17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі. Маңғыстау облысында да тұман болады 17-18 қаңтарда Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.